Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді (31.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді (31.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

35 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған.

9 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

31.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 665 адам тіркелді.