Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып Мұрат Сердалин тағайындалды.

Жаңа әкімді Ақжайық ауданының активіне облыс басшысы Нариман Төреғалиев таныстырды.

Сердалин Мұрат Амангелдіұлы 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Ветеринария» және М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Заңгер » мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары: БҚО Ақжайық ауданы «Мал дәрігерлік жәрдем» МҚК-ның Алмалы ауылдық округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы, ҚР АШМ Ақжайық ауданы бойынша аумақтық басқармасының жетекші маманы, ҚР АШМ Ақжайық ауданды аумақтық басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, БҚО Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің және БҚО Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы сияқты қызметтерді атқарды.

Тағайындауға дейін БҚО Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.