
Коронавирус инфекциясы анықталған 3 адам - Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
19 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған.
3 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.
Сонымен қатар, 16 азамат Атырау облысы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
30.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 621 адам тіркелді.