БҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында көше-жол желісінің жаңарту бойынша 50 жоба жүзеге асырылуда

БҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында көше-жол желісінің жаңарту бойынша 50 жоба жүзеге асырылуда

Биыл облыс бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көше-жол желісінің автомобиль жолдарын қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша 50 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Республикалық бюджеттен 11,4 млрд.теңге көлемінде бөлінген қаражатқа 90км астам жол жөндеу жоспарлануда. 2800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады, соның ішінде шамамен 1400аса жұмыс орындары Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылатын болады.
Облыс орталығында 5,1 млрд.теңге қаражатқа 31 жоба іске асырылады (35,2 км). Казталов, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Жәнібек, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында 19 жоба (55,4 км) жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта 39-дан астам мердігерлік ұйым бар. 15 жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды.
100% негізгі жол-құрылыс материалдары отандық қамту құралдары болып табылады.
ЖҚЖК аясында барлық жобалар аяқталғаннан кейін 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.