
2020 жылы облыста 37,7 млрд.теңге көлемінде қарастырылған қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "ЖҚК" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы, Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын автомобиль жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. 1,6 млрд.теңге көлемінде қарастырылған қаражатқа Самара-Шымкент (36 км) жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Биылғы жылы облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер автожолын қайта жаңарту жобасын іске асыруды бастау жоспарлануда. Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолдарының учаскелерін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. Орал-Кирсанов автожолында Бәйтерек ауданындағы көпірлерді және "Федоровка-Ақсай" автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырларды күрделі жөндеу жоспарланған. Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы 96 км жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.
Аудандық маңызы бар жолдарда Ақжайық, Сырым, Теректі, Жәнібек аудандарындағы ауылдарға кірме жолдарды күрделі жөндеу, сондай-ақ Переметное-Цыганово, Переметное-Вечный, Жәнібек-Таловка-Кіші өзен автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарланған.
Көше-жол желісі бойынша 156 км жолды жөндеу жоспарлануда. Орал қаласындағы Мұнай базасы ауданындағы жол өтпесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.Сонымен қатар, өткен жылдың 9 ауыспалы нысандарын аяқтау жоспарланып отыр.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылады.