Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану


Аймақ басшысы атап өткендей, Кеңес Одағы кезінде БҚО-да 13 млн.га жуық ауыл шаруашылығы алқаптары болған. 2,2 млн.га егістік, 789 мың ІҚМ, 2,3 млн. ұсақ мал, 112 мың жылқы болған. Қазір бізде 7 млн.га астам ауыл шаруашылығы алқаптары, 0,5 млн га егістік, 600 мың ІҚМ, 1,2 млн. ұсақ мал, 200 мың жылқы бар.
Осы көрсеткiштерге сүйене отырып, бiрнеше себептердiң бар екендігін, соның ішінде жерді тиімсіз пайдалануды атап өтуге болады.
Аудан әкімдіктері мен прокуратура органдарының жұмысының арқасында соңғы айларда 800 мың гектардан астам пайдаланылмайтын жер анықталды, олардың 75 мың гектары мемлекетке қайтарылып, 125 мың гектарды игеріле бастады.
Облыс әкімі бүгінгі таңда заңнамаларды бұзғандардың көп екенін және әлi де бар екендігін ерекше атап өтті.
"Өткен жылы біз жердi тиімсіз пайдаланып, оларды жалдауға берiп отырғандарды және олардың мемлекетке қайтармай отырған адамдардың тiзiмiн жариялауға уәде берген болатынбыз. Төменде осы адамдардың тізімі көрсетiлген -
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher/documents/details/36779?lang=ru", - деді аймақ басшысы.
Кейбіреулер жердi игерілмеудің объективті себептерін атап өтсе, кейбірі әлі де алған жердi тиімді пайдаланбай, белгілі бір табысқа кенелудi көздеп отыр.
"Жақын арада геоақпараттық порталды iске асыру жұмыстарын толығымен аяқтап, спутник арқылы жер учаскелерінде кімнің жұмыс істеп, кімнiң алдап жургенiн анық көретін боламыз", - деп атап өтті облыс әкімі.
Аймақ басшысы қала әкімі Абат Шыныбековке осы мәселе бойынша Орал қаласында тәртіп орнату, игерілмеген жер учаскелерінің барлығын, сондай-ақ мемлекеттік жерлерді алыпсатарлық фактілері бойынша тiркелген жағдайларды құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды.
Облыс әкімі БҚО тұрғындарын осындай алыпсатарлықтың нақты фактілері болған жағдайда да өз WhatsApp нөміріне +77017776037 жазуға шақырды.