Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы тағайындалды.
Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы – 1981 жылы туған. Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «жоғары кәсіби білімді заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
- Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі;
- Орал қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдың ақпан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.