
Облыста ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 484,9 мың шаршы метр тұрғын үйлерді қолданысқа беру, сондай-ақ "Нұрлы жер"бағдарламасы аясында 35 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанына жөндеу жүргізу жоспарланған.
2020 жылы бюджет қаражаты бойынша облыста бюджеттік қаражат есебінен 10 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 88 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, барлығы 1830 пәтер. Оның ішінде Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшылары үшін 7 көппәтерлі тұрғын үйді (1067 пәтер) және Тоқпай ауылындағы 20 тұрғын үйді (120 пәтер), жергілікті атқарушы органның тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар үшін 3 көппәтерлі тұрғын үйді (540 пәтер) және ауылдық елді мекендерде 68 тұрғын үйді (103 пәтер) қолданысқа беру жоспарлануда.
Тұрғын үй–коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы облысымызда кондоминиум объектілеріне жаңарту жұмыстарын жүргізу бойынша 35 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 458,28 млн. теңге көлеміндегі қаражат бөлінді.
Осы жобаларды жүзеге асыру барысында Орал және Ақсай қалалары бойынша 28 жолаушылар лифтісі, 4 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры және Тасқала ауданы бойынша 3 көппәтерлі тұрғын үйлерге жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.