Тұрғындар ХҚО-ға алдын-ала кезекті брондап алу арқылы бара алады

Тұрғындар ХҚО-ға алдын-ала кезекті брондап алу арқылы бара алады

Жанна БАТАРГАЛИЕВА Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиал директорының орынбасары.


4 мамырдан бастап Орал қаласы бойынша ХҚО-ның бір бөлімі қайтадан жұмыс істей бастады. Қала тұрғындары 4-шағын ауданындағы «Ural Car City» ғимаратындағы ХҚО-ға жүгіне алады. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Алайда вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
- Енді оралдықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
- Қызмет алушылардың шоғырлануын және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы кезекті брондау қажет.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.