11 сыныптарға аттестат салтанатты түрде табысталады

11 сыныптарға аттестат салтанатты түрде табысталады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл мектеп түлектеріне аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлап отырғандығын айтты. «3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз», - деді Асхат Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.
Министр шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталатындығын айтты. «Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық масқа тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылады», - деді ол.