Аудан әкімдерінің сайлаунда дауыс беру аяқталды

Аудан әкімдерінің сайлаунда дауыс беру аяқталды

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесі қарқынды жүргізілді. Саяси науқанда құрамында 378 мүшесі бар 1 облыстық аумақтық, 3 аудандық аумақтық, 63 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Бөкей Ордасы, Қаратөбе және Тасқала аудандары бойынша барлығы 28884 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.

Қазір барлық аудандық сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыты аяқталып, сайлау учаскелері бюллетендерді санауға кірісті.

Айта кетейік, әрбір аудан бойынша сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат, облыс бойынша барлығы 9 кандидат енгізілген болатын.