Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беруді бастау туралы

Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беруді бастау туралы



✅ 2023 жылғы 5 қарашада пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар (45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

🟢Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

🟢Ең ірі 305 сайлау учаскесінде (1000-нан астам сайлаушы) ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізіміне кірмеген, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратын мекенжай мәліметтерін тексеру үшін сервис ұйымдастырылды.

🟢Жамбыл және Түркістан облыстарының 3 сайлау учаскесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң аясында аумақтық сайлау комиссияларының қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.

🟢Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

⚡️Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілді.

🟢4 қараша сағат 18.00-де жалпы, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығына 143 есептен шығару куәлігін берді.

❗️Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған мекен- жайда өткізіледі.