
Өңірдегі ең ірі май зауыттарының бірі қайта жаңғыртудан кейін толық өндірістік қуатына шықты. Қазір өндіріс ошағы ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, 3 бірдей мемлекетке өз өнімдерін экспорттап отыр. Сондай-ақ бұл тізімді Аспан асты елі толықтырған. Естеріңізде болса, Пойма ауылындағы күнбағыс майын өндіретін зауыт 2009 жылы ашылған еді. Кейін инвестор мемлекеттік қолдау мен өз қаражаты есебінен тұралап қалған өндіріс ошағын қайта іске қосты.