Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда


Бүгін өңір басшысы ТЖ енгізілгенге дейін қабылдауға жазылған азаматтармен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді. Осылайша карантиндік режим талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды.
Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, өтініш білдірген азаматтардың арасында әлеуметтік санатқа сәйкес АӘК алмайтын, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған азаматтар да өңір басшысына өз сұрақтарын қоя алды.
Облыс әкіміне сондай-ақ №5 шағын ауданның тұрғындары да өз сауалдарын қоя бiлдi. Тұрғындардың айтуы бойынша, аталмыш шағын ауданда автомобильдерге арналған тұрақ орындары жетіспейді. №30/1 үйінiң тұрғындары өз бетімен көлік қоятын орындар ұйымдастырған, бірақ ол салынып жатырған мәдениет үйінің құрылысының алаңына кіреді. Азаматтар автотұрақты сақтау мәселесіне алаңдаушылық білдірді.
Аймақ басшысы әрбір мәселені жеке тыңдап, қала, аудан және басқарма басшылығына өтініш білдірген азаматтарға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36 нөмірі бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.