
Коронавирус инфекциясы анықталған 5 адам - Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
Сонымен қатар, тағы бір пациент - 1984 жылғы медициналық қызметкер. Өзінен бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
14.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 272 адам тіркелді.