
БҚО-да ағымдағы жылдың 8 айында мал ұрлығы 14,8%-ға өскен. 124 мал ұрлығы фактісінің 93 фактісі еркін жайылымнан ұрланған.
Малдың бағымсыз жүруі мал ұрлығымен жол-көлік оқиғаларының себептерінің бірі болып отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында үй жануарларының себептерінен 84 жол-көлік оқиғасы орын алды, олардың тек 29-ның мал иелері анықталды.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша ағымдағы жылы 2 582 ауыл шаруашылығы жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс әкімі аудан әкімдерінің полиция қызметкерлерімен бірге бағымсыз жүрген малдарға рейдтер жүргізуді, ауыл шаруашылығы жануарларының бағымсыз жүруінің алдын алу алгоритмінің орындалуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мал иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен қарастырылған жауапкершілік бойынша шаралар қабылдауды, Ветеринария басқармасы ауыл шаруашылығы жануарларының нақты есебін шығару, бірдейленбегендерін анықтауды, сәйкесінше базаға енгізілуін қамтамасыз етуді және Полиция департаменті, Шекара қызметі департаменті мемлекеттік шекара режимін бұзған мал иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартуды тапсырды.