Базарлардың дайындығы пысықталды

Базарлардың дайындығы пысықталды


Бүгіннен бастап облыстағы азық-түлік базарларының жұмысы қайта жанданғаны белгілі. Ал басқа базарлар қашан ашылады? Сауда орындарында санитарлық талаптар қалай сақталмақ? Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев және қала әкімі Абат Шыныбеков қала базарларының жұмысқа дайындығын тексерді. Әріптесім Динара Жұмабекқызы жалғастырады.