Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді (13.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді (13.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

 

Коронавирус инфекциясы анықталған 10 адам - Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Сонымен қатар, тағы бір пациент - 1989 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Өзінен бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болғандықтан, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

13.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 266 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны— 112.