БҚО әкімі ардагерлерді онлайн құттықтады

БҚО әкімі ардагерлерді онлайн құттықтады

Жеңістің 75 жылдығына орай облыс әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін  онлайн байланысы арқылы құттықтап, ақ жарма тілегін арнады.

-Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сіздерді Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бәріміз  үшін бүгінгі күннің мерейі үстем. Өйткені ұрпақтың ерлігін мәңгілік есте сақтайтын қасиетті мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмір сүрудеміз. Бұл күн – қан майданда парыз бен намыс үшін, елінің бостандығы үшін жан аямай соғысқан және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі мен биік рухының белгісі. Сонымен қатар, осынау қуаныш үшін өмірлерін пида еткен жауынгерді еске алу күні. Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбеккерлері, сіздердің дендеріңізге  саулық, немере-шөберелеріңізге  жарқын болашақ тілеймін. Аспанымыз ашық, көк туымыз мәңгілік желбірей берсін,- деді Ғали Нәжімеденұлы. Сондай-ақ өңір басшысы Тасқала ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жасқа толған Рабиға Зайнуллинаны  арнайы құттықтады.

Айта кетсек, онлайн режімдегі байланысқа облыстағы 50-ге жуық ҰОС ардагері қатысты. Қалам Сүйіншәлиев, Иван Гапич, Меруерт Жолдықайырова секілді бірқатар ардагерлер  мемлекет тарапынан жасалған игіліктер мен материалдық қолдауларға алғыстарын жеткізді.

Гүлсезім Бияшева