
Делегацияны "Шаньдун халықаралық кадрлармен алмасу қауымдастығының" өкілі Сюй Ян ханым және "Орталық Азия мен Қытай кәсіпкерлер Альянсының" президенті Сафуллин Альберт басқарды.
Кездесу аясында өнеркәсіп, мұнай-газ секторы және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Қытайлық кәсіпкерлер өңірмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ кездесу барысында инвестицияларды қажет ететін перспективалы жобалар талқыланды.