
Облыстағы кең арналы өзендер мен қазіргі су деңгейінің жағдайы туралы бүгінгі БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиев атап өтті.
- Облыста биыл да жылдағыдай соңғы екі-үш жылда орын алған<br /> су тапшылығы қайталанып отыр. Соған байланысты судың көлемін ұлғайту жөнінде Шаған өзені бойынша 3 наурыз күні қақпаларды жауып, Шаған өзені су қоймасына су қорын жинақтап алдық. Жыл сайын сақталатын жəйт. Сəуірдің 5-6 күндері қақпалар жабық болушы еді, биыл су тапшылығына байланысты 3 наурыз күні жабылып, қазір 80 пайызға дейін су жиналды. Бұл жағдай осыдан бес жыл бұрын да болған еді. Алдын ала атқарылған жұмыстардың нəтижесі биылғы су қорының жеткіліктілігін көрсетеді. Арнайы келісімшарт бойынша Шаған су қоймасынан су жіберіп жатырмыз. Саратовтан тікелей су келіп қосылатын үлкен жəне кіші өзенге мемлекеттен бөлінген қаражат есебінен 57 млн текше метр су алу жөніндегі келісімшартқа отырдық. Қазір екі өзен бойынша, Ресейден бірінші Қараөзен (үлкен өзен) 1 мамырдан бастап секундтына екі текше метр су алынуда. Кіші өзен - Сарыөзен бойынша бір текше метрден су алу жұмыстары жүргізілуде. Көрсеткіштер биылғы жылы су тапшылығына байланысты суды ерте алып жатқанымызды көрсетеді. Жəнібек системасы бойынша биылға 22 млн текше метр суға келісімшартқа қол қойылып, төтенше жағдай аяқталған соң, 11 мамырдан бастап су алынады деп күтілуде - деді Нұрболат Ұлданұлы.
Гүлмира Сансызбайқызы