«Казталов-Жәнібек-РФ» және «Өнеге-Бисен-Сайхин» республикалық маңызы бар жолдарын күрделі жөндеу бойынша ақпарат

«Казталов-Жәнібек-РФ» және «Өнеге-Бисен-Сайхин» республикалық маңызы бар жолдарын күрделі жөндеу бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысындағы Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталған болатын.

2019 жылдан 2022 жылға дейін (4 жылдың ішінде) аталған жол бөлігінің небары 125 шақырымы (орташа есеппен жылына 31 шақырым) жөндеуден өтсе, жыл басынан бастап облыс басшысының тікелей бақылауының арқасында 2023 жылдың 5 айында (сәуір-тамыз) 73 шақырым жолға асфальт төселді.

Қалған 47 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде, «ҚазАвтоЖол» компаниясы аталған жол бөлігін жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарының (қиыршықтас, битум)  жетіспеушілігінен жөндеу жұмыстарын қарқынды орындау мүмкін болмай отырғанын ескеру қажет. Дегенмен Үкіметтің, «ҚазАвтоЖол» мен облыс әкімдігінің бірлескен тиімді шараларының арқасында қажетті материалдар жеткізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.