Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына ҚР Ұлттық экономика министрі А. Қуантыров келді.

Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына ҚР Ұлттық экономика министрі А. Қуантыров келді.


Сапар барысында Әлібек Қуантыров кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Атап айтқанда, өңірдің бизнес қоғамдастығы құрылыс саласын одан әрі дамыту туралы өтініш жасады. Ведомство басшысының айтуынша, құрылыс индустриясы экономиканың негізгі салаларының бірі, бұл бағытта Үкімет те үлкен жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, кездесуде ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету, білікті кадрлардың тапшылығы, электрокарлардың дамуын ынталандыру, туристік қызмет нысандарын реконструкциялау, авиабилеттердің құнын субсидиялау және т. б. мәселелер көтерілді.