23 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

23 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде
  • Қазіргі таңда облысымызда барлық қаржыландыру көздерінен 23 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 8 мектептің құрылысы жүргізілсе, 15 мектеп облыстың 7 ауданында КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде салынуда. Бұл мектептердің 18-ін ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде облыс бойынша 16 200 орындық 18 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Соның ішінде 9 мектептің құрылысын осы жылы бастап 2024 жылы аяқтау, қалған 9 мектептің құрылысын 2024 жылы бастап 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
    Бүгінгі таңда 9 мектептің 5-еуі бойынша мектептің құрылысы басталды. Қалған 4 мектептің құрылысын жүргізуге мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

    Күрделі жөндеу мәселесіне тоқталсақ, ағымдағы жылы 6 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстарына 678,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Тамыз айында 6 мектептің 3-еуі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, қалған 3 мектептің жұмыстарын кестеден артта қалып жүргізілу себебінен жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған білім беру ұйымдарында оқу процесі басқа әлеуметтік нысандарда ұйымдастырылады.