Мерекеге орай велошеру

Мерекеге орай велошеру


Баршаңызға мәлім тамыз айының үшінші жексенбі күні – Спорт күні мерекесі аталып өтеді. Биылғы жылы бұл мереке 20 тамыз күні тойланады. Осыған орай, бүгін 2023 жылдың 19 тамыз күні велошеру ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9.00-де басталған спорттық шараның сөресі Абай алаңынан басталып, ҚР Тұңғыш Президенті алаңында мәреге жетеді.
Велошеруге барлығы әртүрлі жастағы 350-ге жуық велошабандоз қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев те болды.
Спорттық шара нәтижесінде дипломдар мен сыйлықтар үш номинация бойынша табысталды: «Спорттық отбасы» - Байбатыровтар отбасы, «Ең жас қатысушы» - Әсет Живалбаев (8 жаста) және «Жасы үлкен қатысушы» - Святослав Выдрин (77 жаста).