Қалада карантин режимінің талаптары жеңілдетілді

Қалада карантин режимінің талаптары жеңілдетілді


Оралда карантин режимі жеңілдетілді. Ертеңнен бастап барлық бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы қалыпқа келтіріледі. Өндірістік және құрылыс кәсіпорындары, сервистік орталықтар жұмысын жалғастырады. Тұрғындардың үй маңында серуендеуіне рұқсат етіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында шаһар басшысы Абат Шыныбеков мәлімдеді.