Облыста жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жалпы құны 35,5 млрд теңгені құрайтын 178 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиын барысында айтылды. Селекторлық режимде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қатысты.