Жеті адам індеттен айықты

Жеті адам індеттен айықты

Бүгінгі таңға дейін өңірімізде аталған індетпен ауырған жеті адам сауығып шықты. Қалған науқастар стационарлық ем қабылдап жатса, соның 79-ы коронавирустың жеңіл, 33-і орташа түрімен ауыруда. Олардың төртеуі ауыр жағдайда болса, бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов мәлімдеді.

-Қазіргі таңда COVID-19 дертіне шалдыққан бір науқас жансақтау және қарқынды емдеу бөлімшесіне орналастырылды. Ол емделушінің қанындағы оттегі сатурациясы 96-97% болып тұр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ. Бүгінгі таңда барлығы он екі медициналық қызметкер стационарлық емделуге жатқызылды. Карантиндік стационарларда жайлы орын, таза төсек, төрт мезгіл тамақ секілді барлық жағдай жасалған,-деді Б.Қаюпов.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz