Соңғы тәулік ішінде Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетімен ауырып жатқандар саны тағы 10 адаммен толықты.

Соңғы тәулік ішінде Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетімен ауырып жатқандар саны тағы 10 адаммен толықты.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы Мұстаевтың айтуынша 10 азаматтың барлығы РФ-да вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер. Оның ішінде 1 адам Жамбыл, 1-уі Қызылорда, 3-уі Түркістан облыстарының, қалған 5 адам БҚО тұрғындары.
Ресеймен шекарадағы «Сырым» және «Тасқала» бекеттерінде мамандар оларды тексеріп, карантиндік стационарға жөнелткен.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 10 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Сонымен облыста COVID-19 жұқтырғандардың саны 25 сәуірдегі жағдай бойынша 102-ге жетті.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі