Биыл Ақжайық ауданындағы білім ордасы мен Орал қаласындағы №33 орта мектептің құрылысы аяқталып, Теректі және Ақжайық аудандарындағы 21 елдімекенге табиғи отын жеткізіледі. Жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев онлайн режимде тиісті сала басшыларымен жиналыс өткізіп, атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарды пысықтады.