Шаған өзеніндегі су ағыны қалыпқа келтірілді

Шаған өзеніндегі су ағыны қалыпқа келтірілді


Шаған өзені өңірдегі Ақжайық, Қазталов, Жаңақала, Бәйтерек, Тасқала аудандары тұрғындарын сумен қамтиды. Суландыру жүйесі Жайық суын магистралды каналдарға жеткізеді. Өткен аптада өзеннің Круглоозерное ауылы маңындағы сағасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазу жұмыстарының нәтижесінде су ағыны қалыпқа келген.