
Түске дейін актив жиналысына қатысып, Сырым ауданының әкімі лауазымына тағайындалған Жұмагелді Батырниязовты аудан активіне таныстырды.
- Осыған дейін әкімдік қызметті атқарған Төлеген Төреғалиев өзінің алдындағы міндетті жауапкершілікпен атқарды. Бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Соның бірі он шақты ауылға, жүздеген үйге тіршілік тамырын тартқан - Кеңашы кен орынынан ауыз су тарту жұмысы.
Сырым ауданы спорттық нысандардың көптігінен де өңірде көш бастап тұр.
Жымпиты - облыстағы таза кенттердің бірі. Сырым ауданындағы коммуналдық тазалық тәжірибесі басқа аудандарға үлгі.
Соңғы 5 жылда Сырым ауданына 20 млрд теңге инвестиция тартылған. Жаңа әкімге, Жұмагелді Жолдыбайұлына осы істерді жалғастыру, аудан орталығын абаттандыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру тапсырылады. - деді облыс әкімі.
Сырым ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы бірқатар нысандарды аралады.
Биыл Сырым ауданы тұрғындарын сумен қамту деңгейі 96 пайызға жетеді. Қазіргі уақытта Кеңащы су құбырының Бұлан, Жамбыл ауылындағы тармақтары тартылуда. Бұлан ауылдық округінде медициналық пункт те күрделі жөндеуден өтуде.
- Медициналық нысанның жөнделуі - медқызметтің сапасын арттыруға жасалған қадам.
Биыл Батыс Қазақстанда 27 мектеп салынады. Білімге қолдау беру - міндетіміз.
Қазіргі таңда халықтың табысын арттыру мақсатында “Ауыл аманаты” жобасын жүзеге асырудамыз. Ауылда сауын сиыр көп, сауатын адам жоқ. Сүт өндірісін жолға қоятын уақыт - тап
осы кез. Сүт шаруашылығын ширату үшін 6 млрд теңге қаражат бөлінбек.
Бұл жобалар ауылға адам алып келе жатыр. Елді мекендерде тұрғындар саны артады. Сондықтан,
енді тұрғын үйлерді ауылдарға саламыз. - деді Нариман Төреғалиев Бұлан ауылында тұрып.
Ауылға меднысаннан бөлек, жоғары білімді дәрігер, оған көлік пен компьютерлік техника керек. Екі шақырымдық кіреберіс жолды асфальттау да - өзекті.
Облыс әкімі әрі қарай Алғабас ауылдық округінде болып, ауыл клубының жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы