Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 5 жағдай туралы ақпарат (17.04.2020 ж. мәлімет бойынша)

Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 5 жағдай туралы ақпарат (17.04.2020 ж. мәлімет бойынша)
 
Бірінші жағдай бойынша, ауру жұқтырған азамат - 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. 
Екінші жағдай бойынша, коронавирустық инфекция табылған 4 азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. 
Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтардың денсаулықтарына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020ж. №32 Қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 5 пацентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
17.04.2020ж. жағдай бойынша облысымызда коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 28 адам, провизорлық стационарда – 50, карантиндік стационарда – 158, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.
 
 
Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабы