
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы лауазымына Альмира Мухитқызы Төлегенова тағайындалды.
Альмира Мухитқызы Төлегенова 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетінің техникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін бақылау, талдау» және «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Теректі ауданы Подстепное орта мектебінің есепшісі болып бастады.
Әр жылдары: Теректі ауданының білім беру бөлімінің есепшісі, Теректі аудандық қаржы бөлімінің бас экономисі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, бөлімі басшысының орынбасары, Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Теректі аудандық экономика және каржы бөлімінің басшысы болды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.