
Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармаларының басшылары,«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, мекеме басшылары, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатырған жұмыстар, тауар өндірушілерді қолдау шаралары, ветеринарлық қауіпсіздік шаралары, жер қатынастары мәселелері және табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу жұмыстары бойынша тиісті басқарма басшылары ақпарат берді. Кездесуде жергілікті шаруашылықтар өздерінің көкейкесті мәселелері бойынша сауалдарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Жиыннан соң Ержан Балтаев көктемгі-далалық жұмыстарының барысымен, жүзеге асырылып жатырған жобалар мен кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты.