
Университеттің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты ұйымдастырған бұл шараға Тілепберген Ерсайұлы Жәңгір хан университетінің табысты түлегі ретінде келді. Кездесу барысында Т.Каюпов өзінің студенттік өмірі, еңбек жолы туралы әңгімелеп, жастарға тәрбиелік мәні зор кеңестер айтып, мемлекеттік қызметкер болу мәртебесі мен талаптары туралы баяндап, дәріс соңында сауалдарға жауап берді.