
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша 20 наурыздан бастап бүгінге дейін 635 отбасыға азық-түлік жеткізілді.
«Nur Otan» партиясы БҚОФ және «Jas Otan» ЖҚ волонтерлары мен Ақжайық жастарының еріктілерінен құралған ықшам топтар жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте қажетті тауарларды, оның ішінде медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды байланыссыз тарату жолымен үлестірді. Еріктілерге Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментi қызметкерлері де жәрдемдесуде. Аталмыш акцияға Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен жергілікті партиялас кәсіпкерлер демеушілік жасап, қиын-қыстау заманда елмен бірге екендігін тағы да бір дәлелдеді. Облыстың белсенді бастауыш партия өкілдерімен жасотандық жастар, ақжайық жастарының еріктілері алдағы тағы да осыншама отбасыға гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Таратылып жатқан азық-түлік жергілікті тамақ өндірушілердің өнімі екенін де айта кеткен жөн.