Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы лауазымына Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы тағайындалды.

Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Орал қаласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы «Қаржы және несие».

Әр жылдары Шыңғырлау ауданының қаржы бөліміне аға экономист, БҚО қаржы
басқармасында I - II санаттағы экономист, аға, жетекші, бас маман, жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау және талдау бөлімінің бастығы, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджет саясаты және жоспарлау бөлімі, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды.