Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жауапты мемлекеттік мекемелердің және қала, аудан басшыларымен селекторлық режимде көктем мезгілінде жүргізілетін көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы жөнінде кеңес өтті.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жауапты мемлекеттік мекемелердің және қала, аудан басшыларымен селекторлық режимде көктем мезгілінде жүргізілетін көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы жөнінде кеңес өтті.



-Өздеріңізге белгілі, ауа-райы жылынып, қар жамылғысының кетуіне байланысты жер-жерде қоқыстардың жиналуы байқалады. Осыған орай барлық жерлерде күл-қоқыстың, қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы жиналып, тиісті орындарға шығарылуын, барлық елді мекендерде, қоғамдық орындарда санитарлық тазалық талаптарының мүлтіксіз сақталуын бақылауда ұстау қажеттігін ескертемін, - деді жиынды ашқан өңір басшысы.

Облыс әкімі атап өткендей, бұл проблема барлық басшылардың бақылауында болуы тиіс. Бірінші кезекте қаланың, облыс орталығына жақын орналасқан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының басшылары осы мәселеге жіті мән берулері керек.

Жиын барысында қала әкімі Миржан Сатқанов, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық ауданының әкімдері тазалық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне экологиялық айлықта белсенділік танытуын, қаланың барлық аудандары мен көшелері таза, көрікті болуы аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттер жүктеп, қала тазалығына, жалпы экологиялық тазалық мәселесі бойынша барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.