Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,  рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы

30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына №1 қосымша

 

 

Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,

рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

 

  • Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:
  • ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
  • зертханалық қызметтер;
  • үйде медициналық қызметтерді жүзеге асыратын мекемелер;
  • ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
  • шұғыл стоматологиялық қызметтерге арналған стоматологиялар;
  • емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

 

  • Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:
  • электр энергетикалық компаниялар;
  • сумен жабдықтау;
  • газбен жабдықтау компаниялары;
  • жылумен жабдықтау;
  • электриктер, сантехниктер қызметтері;
  • өрт қызметі;
  • көшелер мен орынжайларды жинау жөніндегі қызметтер;
  • қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
  • дезинфекциялау;
  • телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
  • көлік қызметтері, ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;
  • әуежайлар;
  • теміржол бекеттері;
  • пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
  • әлеуметтік қамсыздандыру.

 

  • өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:
  • тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарлар өндіруді қоса;
  • ауыл шаруашылығы;
  • химреагенттер;
  • дәрілік препараттар;
  • медициналық жабдықтар/құралдар;
  • фармацевтика, химия өнеркәсібі;
  • санитарлық гигиена құралдары;
  • үйге арналған қағаз бұйымдар;
  • машина жасау;
  • металлургия, дайын метал өнімдерін өндіру;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • мұнай-газ өнеркәсібі.

 

  • бөлшек сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:
  • азық-түлік дүкендері (сағат 09:00 ден 21:00 ге дейін рұқсат етілген);
  • дәріханалар;
  • АЗС, АГЗС;
  • жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);
  • құрылыс (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілейтін құрылыс нысандары тізімдері бойынша).

 

  • басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:
  • тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
  • банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жапсын, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жарияласын, жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ге дейін шектесін, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат берсін);
  • қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

  • жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
  • қарттар үйлері;
  • балаларға арналған үйлер;
  • үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;
  • жануарларға арналған орынжайлар;
  • жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
  • БАҚ;
  • құрылыс индустриясы
  • жиһаз өндірісі.

 

  • аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар
  • ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.