Президент «PetrolValves Kazakhstan» компаниясының жұмысымен танысты

Президент «PetrolValves Kazakhstan» компаниясының жұмысымен танысты



▪️ «PetrolValves Kazakhstan» - Қазақстанда жоғары технологиялық клапандар өндіретін және сервистік қызмет көрсететін жалғыз өндіріс орны.

▪️ Кәсіпорын жылына 500 клапан өндіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ аталған орталық италиялық серіктестің патенттелген Valve New Life бағдарламасына сәйкес, жергілікті мұнай-газ кәсіпорындарына өндірістік процестен қол үзбей сервистік қызмет көрсетеді.

▪️ Алдағы уақытта кәсіпорын америкалық мұнай институтының API 6D сертификатын алуды және кейбір компоненттерді өзімізде өндіруді, осылайша өнімнің жергілікті құрамын 2024 жылға дейін 75 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

▪️ Жоба «IMB Центр» халықаралық мұнай-газ саласындағы машина құрастыруды дамыту орталығының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция құйылған. Қазіргі таңда кәсіпорында 43 адам жұмыс істейді. Оның 37-сі – жергілікті тұрғындар.