
Қабылдауда қойылған сұрақтарға сәйкес қала және аудан әкімдіктері мен басқарма басшылары қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар өтініші мен ұсынысының дені жұмыспен қамту мәселесі, ұлттық спортты дамыту, табиғатты қорғау, тұрғын үй шаруашылығы мәселелері бойынша болды.
Облыс әкімінің қабылдауына Байзуллин Сатқали, Әдиетов Нұрболат, Ишанов Ақылбек сынды азаматтар ұлттық спорт, соның ішінде бәйге спортын дамыту мәселесімен жүгінді. Атап айтсақ, азаматтар бүгінде қайта жаңғыра түскен бәйге спортын заңды негізде тіркеп, ипподром ашуға ұсыныс тастады.
Бұдан бөлек, қабылдауға келген Жақсығұлов Кайреден есімді азамат қала іргесіндегі Анискин көліне су жіберу мәселесі бойынша ұсынысымен келді.
Қабылдауға келген тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.