
Оның айтуынша, алимент өндіру Батыс Қазақстан облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі мәселелердің бірі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 50 жеке сот орындаушы қызмет атқаратынын атап өтті. Олардың өндірісінде бүгінгі күнге дейін 270 мың атқарушылық өндіріс болған. Оның 147 мың өндірісі бойынша істер аяқталды. Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл 12 мыңнан астам іс. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, 2022 жылы Батыс Қазақстан облысында 118 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Кездесу барысында Азамат Есқараев өңір тұрғындарын Әділет министрлігінің қызметі туралы хабардар етті.
Әділет министрлігі азаматтардың өтініштеріне талдауы мен халықпен кездесулердің қорытындылары адамдар көбінесе нотариустардың, адвокаттардың және Заң консультанттарының өздері көрсететін заң көмегіне байланысты мәселелері бойынша жүгінетінін атап өтті. Осыған байланысты біз нотариустардың қызметтерін ыңғайлы пайдалану үшін бірқатар шаралар қабылдадық,-деді министр.
Сонымен қатар, Азамат Есқараев халыққа смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін Digital Justice жобасы туралы айтып берді. Сондай-ақ Азамат Есқараев азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізіп, Министрліктің аумақтық бөлімшелеріне бірқатар тапсырмалар берді.
БҚО жұмыс сапары барысында Азамат Есқараев облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесті. Ведомство басшысы облыстық бюджеттің мүмкіндігіне қарай, әділет органдарының ғимараттарына жөндеу және сараптама жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалармен қамтамасыз етуді сұрады. Бұл өз кезегінде өңірдегі сот-сараптамаларының қорытындысына, қылмыстық істердің жүргізілуін жеделдетуге, ең бастысы азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға септігін тигізбек.
18 ч.
Показать перевод