Облыс әкімі қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарына дайындықты тексерді.

Облыс әкімі қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарына дайындықты тексерді.


Бүгінде төтенше жағдайлар департаменті, қалалық коммуналдық мекемелері мен жеке компаниялар дезинфекциялық жұмыстарға сақадай сай.


Қажетті дезинфекциялық заттармен жабдықталған жеке компаниялар мамандары облыс әкіміне ашық және адамдар көп шоғырланатын жерлерді зарарсыздандыратын құрал-жабдықтарды таныстырды.


Облыс әкімі инфекцияның тез таралуына жол беретін жерлерді дезинфекциялауға ерекше назар аудару керектігін жеткізді. Үлкен алаңдар мен көшелерді дезинфекциялап босқа күш жұмсаудың қажеті жоқ екенін жеткізген Ғали Есқалиев, химиялық заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін де ескеру қажеттігін айтты.


Өңір басшысы мамандар жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, барлық компаниялар қызметкерлеріне алғыс білдірді.