Бәйтерек ауданында жаңа әкім

Бәйтерек ауданында жаңа әкім

 

Ұзақ жыл облыста көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарған Марат Тоқжанов мейрам қарсаңында Бәйтерек ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа басшыны аудан жұртшылығына таныстырған облыс әкімі Ғали Есқалиев Марат Лұқпанұлының өмірлік бай тәжірибесі облыстың ең ірі ауданының халқын ұйытып, ортақ іске жұмылдыруға жетеді деп сенім білдірді. Ал үш жылға жуық Бәйтерек ауданының тізгінін ұстаған Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.