
БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Өңірлік кеңес мүшелері облыс әкіміне суармалы жерлерді тиімді пайдалану және көбейту, мектептердегі тамақтанудың құнын көтеру, супермаркеттерде жергілікті өнімді орналастыруға кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу, отын-энергетика кешенін жандандыру , жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау, тағы да басқа бизнеске қатысты сұрақтар қойып, ұсыныстар талқыланды.
Кездесу барысында облыс әкімі кәсіпкерлер палатасының, Өңірлік кеңес пен басқа да кәсіпкерлердің ұсыныстары мен позицияларын жұмыс барысында назарға алатынын атап өтті.
Сондай-ақ, өңір басшысы көтерілген мәселелер бойынша жергілікті және республикалық деңгейде қаралатын сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар дайындалатынын жеткізді.