Белгілі тарихшы Тұяқбай Рысбековтің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді

Белгілі тарихшы Тұяқбай Рысбековтің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді

 

“Атамекен" өнер ордасында тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұяқбай Рысбековтің таңдамалы шығармаларының таныстырылымы өтті.

Оған жергілікті зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, мектеп мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Алдымен автордың өмір жолы мен ғылыми шығармашылығы туралы "Бәйтерек" бейнебаяны көрсетілді.

Шарада құттықтау сөз алған облыс әкімі Нариман Төреғалиев елімізге танымал ғалымның Батыс Қазақстан өңірінде тарих мектебінің негізін қалағанын, оның ізін басқан шәкірттері еліміздің түпір-түкпірінде халқына қалтқысыз қызмет етіп жүргеніне тоқталып, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы орденді өңіріне тақты.

Сондай-ақ, кеште өңір қаламгерлері мен әріптестері кеш иесінің ғылыми-педагогикалық қызметіне тоқталып, жаңа туынды хақында сараптамалық ой-пікірлерімен бөлісті.

Екі тілде жарық көрген Батыс Қазақстан облысының тарихына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімін өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен филогогия ғылымларының докторы, профессор Мұрат Сабыр жасады.