
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен кеңес отырысына облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылары қатысты.
Жиында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы кезеңнен өту және алдағы су тасқынына дайындық, азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде министрліктің қабылдап жатқан шаралары туралы айтылды.
Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдар Департаментке заманауи техника және жабдықтармен жарақтандыру мәселелерінде тұрақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ, Нариман Төреғалиев Департаменттің ардагерлері мен жеке құрамына үйлесімді жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.
Кеңес соңында облыс әкімі алдағы су тасқыны мен өрт қауіпсіздігі кезеңдеріне сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді белгіледі.