
Бүгін «Tең қоғам» әлеуметтік орталығында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов, қала әкімі Миржан Сатқанов, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен өзге де басқарма, бөлім басшылары,
мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Басқосу барысында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау бойынша өткен жылы атқарылған шара мен келешектің шаруасына тоқталды. Сонымен қатар БҚО «Мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруда өзекті мәселелер жөнінде сөз етті.
Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қоғамдық бірлестік басшыларының ұсыныстарын тыңдаған өңір басшысы
алдағы уақытта да үкіметтік емес ұйымдармен кездесу ұйымдастыратынын тілге тиек етті.