Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» № 281 қаулысы қабылданды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» № 281 қаулысы қабылданды.

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін

немесе өзге де жылжымайтын мүлікті

мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2011 жылғы  1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскелерінде «Рожковское» кен орнында пайдалы қазбалар табылуына (газ конденсаты) және оларды өндіруге мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.

  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылдың 19 сәуіріне дейін болып белгіленсін.

  3. Бәйтерек ауданының әкімдігі меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны заңнама талаптарына сәйкес жолдасын.

  4. Меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін мемлекет мұқтажы мақсатында алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 137 ғимаратындағы «Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

  5. Бәйтерек ауданының әкімдігі аталған қаулының қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде облыс және Бәйтерек ауданы әкімдіктерінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Утегуловқа жүктелсін.

 

Облыс әкімі                                                        Н. Төреғалиев

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2022 жылғы «___» __________ №____

қаулысына қосымша

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға

байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын

жер учаскесі туралы мәлімет

 

№

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер учаскесін пайдаланушының) тегі, аты, жөні (аталуы)

Жер учаскесінің көлемі, га

Алқап түрі

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

«Емболат» ЖШС Медет Сагынгереевич Кадошев

23,88

егістік

08-118-057-016

Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі

 

Келісілді

22.12.2022 17:31 Умралеев Мурат Амангельдиевич

22.12.2022 17:33 Хайрушева Света Уринбаевна

22.12.2022 17:42 Мухамбетжанов Азамат Ермекович

22.12.2022 18:07 Шыныбеков Абат Абаевич

22.12.2022 20:06 Утегулов Арман Каримович

23.12.2022 11:39 Рахметова Гулзада Жардемовна

23.12.2022 15:37 Мукамбетжанов Аскар Жумартович

23.12.2022 15:46 Шайжанов Мұхтар Мерекеұлы

Қол қойылды

29.12.2022 17:33 Турегалиев Нариман